Ссылки доступа

Душанбеде экстазидің ірі көлемі тәркіленді


Тәжікстанда арнайы операция барысында МДМА (экстази) синтетикалық есірткісінің ірі көлемі ұсталды.

Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау агенттігі „қара базардағы„ құны 80 мың АҚШ долларына бағаланатын 5 418 экстази түйірін тәркілегенін хабарлады.

Агенттік қызметкерлері сатушыны тауарды өткізіп жатқан жерінде ұстаған. Тінту барысында оның үйінен экстази түйірінің үлкен қоры табылған. Бұл әрекеті үшін күдікті сегізден он екі жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.

Біраз жыл бұрын ғана бұл жағдайдан ада болған Тәжікстанда соңғы кездері синтетикалық есірткілер сату жиілеп кеткен. 2014 жылы елде түрлі психотропты 4 625 дана есірткі заттары айналымнан алынған, оның 2590-ы «экстази» түйірі. Қылмысқа қатысты 10-нан астам адам ұсталған. Кей дерек бойынша, синтетикалық есірткілер Тәжікстанға Балтық жағалауы елдерінен, Иран, қазақстан, қытай және Ресейден жеткізіледі.

XS
SM
MD
LG