Ссылки доступа

Еуроодақ пен Қазақстан әріптестік туралы келісімге қол қойды


Әріптестік туралы жаңа құжатқа Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов пен ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Федерика Могерини қол қойды.

"Келісім 29 сала бойынша өзара әрекеттестік етуді қамтиды. Оның ішінде халықаралық, аймақтық қауіпсіздік, қарусыздану секілді саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту сияқты сауда-эномикалық және инновациялар, мәдениет, спорт, туризм салалары, құқық қорғау бойынша ынтымақтастық мәселелер бар", - деді Ерлан Ыдрысов.

Қазақстан тарабының дерегінше, Еуроодақпен арадағы сауда көлемі 2014 жылдың 11 айында 50 миллиард долларға жеткен.

XS
SM
MD
LG