«Біз кедендік реттеу, техникалық реттеу және басқа да мәселелер бойынша ережелерімізді сәйкестендіру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Мұның бәрі сөзсіз оң нәтиже береді»,- деді Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльдегі кездесуінде.
Қазақстан Ресей үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ең белді мүшесі. Путиннің сөздері Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойылған күні айтылды.
Астана мен Брюссель бір жыл бұрын төрт жылға созылған келіссөздерді аяқтаған еді. Еуроодақ Орталық Азиядағы ең ірі экономикаға ие Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтуге ұмтылады.