Ссылки доступа

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін ұзартты


Еуропа Одағы 2014 жылы шілденің 31-де Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды жарты жылға ұзартты.

Бұл шара Ресейдің Қырымды басып алғанына және Украинаның шығысында үкіметке қарсы күресіп жатқан жікшілдерді қолдағанына қарсы қолданылған болатын. Санкция 2016 жылдың шілденің 31-не дейін күшін сақтайды.

Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс салдарынан тоғыз мыңнан астам адам қаза тапты. Еуроодақ санкция мерзімінің ұзартылуын Минскіде қол қойылған бейбіт келісімдердің жыл аяғына дейін жүзеге аспайтынымен түсіндіреді. Шараны ұзарту туралы алғашқыда, желтоқсанның 18-де ЕО елдерінің елшілері шешім қабылдаған болатын. Санкциялар Ресей экономикасының қаржы, энергетика және қорғаныс салаларымен бірге, бірқатар жеке тұлғаға қарсы салынды.

XS
SM
MD
LG