Заң жобасы республиканың экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін жақсартуды көздейді делінеді.
Экономика министрлігінің аталған мәселе бойынша жауапты тұлғасы Данияр Абдылдаев жаңа заң жобасы бойынша казиноны Шу, Ыстықкөл облыстары және оңтүстіктегі бір облыста ғана заңдастыру қарастырылғанын хабарлады. Ол сонымен бірге, казино есігі тек шетелдіктерге ашық болатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай шаралар ел бюджетін толтыру үшін қажет.
Қырғызстанда казино қызметіне 2012 жылы қаңтардың 1-нен бастап тиым салынған. 2015 жылдың сәуірінен бастап, тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер қызметі де тоқтатылды.