Мұндай бұйрыққа білім және ғылым министрі Нуриддин Саид қол қойды.
Министрліктің арнайы хабарламасында: «Оқу орындары үшін шырша кесуге, оларды орнатуға, безендіруге, фейерверктер мен пиротехниканы қолдануға, мерекелік дастархан жаюға, сыйлықтар беруге және Жаңа жылға арнап ақша жинауға тиым салынады», - делінген. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары мен студенттердің жаппай мерекелік серуенге шығуына, мейрамханалар мен өзге де орындарда тойлауына да шектеу қойылды.
Министрлік хабарламасында сонымен бірге: «Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі Жаңа жылды мерекелеуге арналған шара аясында қабырға газеттерін дайындауға, мәдени және әдеби кештер ұйымдастыруға, спорт жарыстарын өткізуге кеңес береді», - деп қосады.