Ссылки доступа

Ресей Өзбекстанға терроризмді қаржыландырды деп айыпталған адамды бермек


Ресей Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы Ресей бас прокурорының орынбасары Геннадий Лопатиннің 30 жастағы Шахобиддин Уриновты Өзбекстанға беру туралы шешімін заңды деп таныған Орлов облыстық сотының қаулысын күшінде қалдырды.

Тергеу орындары Уриновты Өзбекстанда «Таблигчилар» ұйымына мүше болған, ал 2012 жылдың наурызында Ресейде тиым салынған «Түркістанның ислам партиясының» қатарына өткен деп санайды. Тергеушілердің пайымдауынша, Мәскеуде болған 2012 жылдың қазан айына дейін Уринов адамдарды өз жағына тартумен және «Түркістанның ислам партиясының» Ауғанстан мен Тәжікстан аумағындағы әрекеттері үшін ақша жинаумен айналысқан.

Уринов пен оның адвокаты аппеляциялық шағымдарыында бірінші сатыдағы соттың қылмыстық-процессуалды заңды өрескел бұзғанын айтып, сот шешіміне наразылық білдірді. Ресейдің бас прокуратурасының таратқан хабарламасында Уринов пен оның адвокаты келтірген дәйектердің сотта жоққа шығарылғаны туралы айтылады. Үкім заңды түрде күшіне енді.

XS
SM
MD
LG