Ссылки доступа

Блаттер мен Платини сегіз жылға футболдан шеттетілді


Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) этика жөніндегі комитеті ұйым басшысы Йозеф Блаттер мен Еуропалық футбол қауымдастығының (УЕФА) президенті Мишель Платиниді футболға қатысты қызметтерінен сегіз жылға аластау туралы шешім шығарды.

Бұған қоса айыппұл төлеу туралы міндеттеме алған Блаттер мен Платини, 2011 жылы Платинидің есепшотына ФИФА аударған 2 миллион швейцар франкінің заңдылығын тексерудің басталуына байланысты, қазан айында 90 күнге қызметтерінен шеттетілген еді.

Блаттер де, Платини де жемқорлық туралы айыптауларды мойындамай, жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG