Ссылки доступа

Қырғызстан премьер министрі Қытаймен визасыз жүйе орнамайды деді


Қырғызстан мен Қытай визаны алып тастау жөнінде келіссөз жүргізген емес. Бұл жөнінде Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев «Биринчи радиодан» тікелей эфир кезінде айтты.

Оның сөзінше, экономика министрі Арзыбек Кожошевтың Қытаймен визасыз жүйе орнату жөніндегі сөздері қоғамға бұрмаланған кейіпте жеткен.

Сариев қазіргі қолданыстағы виза екі тарапты да қанағаттандырады. Ол сонымен бірге үкімет мүшелеріне халықаралық тақырыпта сөйлер кезде, міндетті түрде елінің сыртқы істер министрлігімен кеңесу тәртібін еске салды.

Еске сала кетейік, өткен аптада министр Арзыбек Кожошев журналистерге Қытаймен визасыз жүйе енгізу мүмкіндігін мәлімдеген. Ол бұл жөнінде келіссөздер жүріп жатыр деген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қырғызстанда 20 мың Қытай азаматы бар. Бірақ сарапшылар қытай азаматтарының саны ресми көрсеткіштен әлдеқайда жоғары дейді.

XS
SM
MD
LG