Ссылки доступа

Табиғи газдың жоқтығына наразылар үшінші күннен бері Маргилан көшелеріне шығып тұр


Өзбекстанның Ферғана облысы Маргилан қаласының «Саховат» ауданының тұрғындары бірнеше күннен бері табиғи газсыз әрі жарықсыз қалды.

Жергілікті билік мәселе шешіледі деп уәде берумен келеді. Алайда газ кәсіпорнының қызметкерлері газқұбырындағы қысым төмен деңгейде екенін айтады.

«Саховат» махалласындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары 19 желтоқсаннан бері көшеге шығып, наразылық шарасын өткізуде.

​«Озодликтің» Маргиландағы ақпарат көзі көрші Киргули ауданындағы тұрғындардың наразылығынан кейін, сол ауданға бірден газ берілгенін біліп, маргиландықтар да бірнеше күннен бері көшеде тұр дейді.

Көшеге шыққан наразылар саны — 150 -200 адам.

XS
SM
MD
LG