Ссылки доступа

Қырғыз ҰҚТ-ның алты мүшесі Дубайда ұсталды


Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) қару-жарақ ұрлағаннан кейін қашуға әрекеттенген алты қырғызстандық ұсталды.

Араб полициясының мәліметі бойынша, олар 13 желтоқсанда айырбастау пунктін тонады деген күдікке ілінген. Тергеу ісіне сәйкес, ұсталғандар ғимаратқа кіріп, жас ағызатын газ пайдаланып, 190 мың доллар алып кеткен.

Тергеу ісін Дубайдың прокуратурасы жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың басқа да қылмысты іске қатысы бары тексеріліп жатыр.

БАӘ қырғыз қылмысты тобы үшін тиімді ел болып саналады. Олар бұл елге жиі қатынайды. Камчы Кольбаев және Алмамбет Анапияев секілді Қырғызстандағы қылмыс әлемінің беделділері Дубайда тұрып келген.

Қырғызстанға соңғы екеуінің де ұсталғаны белгілі. Бірақ олар жайында Қырғызстанға ешқандай ақпарат берілмейді.

Оның себебі, екі ел арасында қылмыскерлер жайында ақпарат алмасу және экстрадициялау жөнінде келісім жоқ.

XS
SM
MD
LG