Жалал-Абад облыстық ІІБ тәртіп сақшыларының аталған жайтты тексеріп жатқанын хабарлады. Бұл отбасының жеті бірдей мүшесі Сириядағы әскери ұрыс аймақтарына барғаны, кейінірек бесеуінің Қырғызстанға қайтып келгені жайлы дерек бар.
Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тергеу-тексеру амалдары аяқталмайынша түсініктеме бермейтінін хабарлады.
Ресми дерек бойынша, Қырғызстанның 500-ге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағындағы халықаралық террорлық ұйымның қатарында жүр.