Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтқанындай, бұл қаражат негізінен әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылады.
Министрдің сөзінше, Азия даму банкінен алынған бір миллиард доллар қарызды бес жыл ішінде өтеу керек. Оның ішінде үш жылға жеңілдік беріледі. Қарызды жабу қаржы министрлігіне жүктелген.
Сұлтановтың ақпараты бойынша, алынатын қарыз бюджеттің тапшылығын өтеу үшін маңызды болып табылады.