Алдын Өзбекстанның кейбір БАҚ-та билік Жаңа жыл түнінде барлық мейрамханаларды жабады деген ақпарат тараған болатын.
«Жаңа жылды біздің елімізде отбасында қарсы алу дәстүрге айналған. Жаңа жылды жақсы көңіл күймен өткізу үшін бұл біздің ұсынысымыз ғана»,- делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.
Өзбекстанда әртүрлі мерекелер қарсаңында жергілікті биліктің азаматтардың жеке өмірлеріне араласып, әмір жүргізулері кәдімгі құбылысқа айналған.