Ссылки доступа

Стамбул әуежайындағы жарылыстан жараланған адам көз жұмды


Turkey -- Sabiha Gökçen International Airport, Istanbul, 17Aug2013
Turkey -- Sabiha Gökçen International Airport, Istanbul, 17Aug2013

Стамбулдағы Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда болған жарылыстан соңғы дерек бойынша, бір адам қаза тауып, тағы біреуі жараланған.

Үш ұшақ зақымданған. Полиция жарылысқа бомбаның себеп болған-болмағанын анықтауда.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жарылыс сәрсенбіге қараған түні, ұшақтар тұратын аумақта болған. Екі тазалаушы зардап шеккен. Олардың біреуі кейін ауруханада көз жұмды. Олар түріктің Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың ішін тазалап жатқан.

Түріктің "Хюрриет" газетінің сайтында бір куәгердің үш бірдей жарылысты естігені туралы жазылған. Стамбулдың азиялық бөлігінде орналасқан әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG