Шара желтоқсанның 25-27-де Жаңа жылдық кітап фестивалі аясында Ұлттық парламенттік кітапханада өтеді.
Шараны ұйымдастырушылардың хабарламасында: «Осы шара арқылы біз түрме кітапханасын толықтырамыз, түрмедегілердің бір сарынды өмірін кішкене болса да өзгертеміз, жаңа жылмен құттықтап, оларды ұмытып кетпегенімізді білдіреміз»,- делінген.
Фестиваль Грузия Ұлттық парламенттік кітапханасы қолдаған грузин баспагерлері мен кітап таратушылары қауымдастығының ұйымдастыруымен өтеді.