Ссылки доступа

Дамаск оппозициямен бейбіт келісімге дайын екендіктерін жеткізді


БҰҰ Женевада қаңтар айының аяғында өткізуді жоспарлап отыр. Сирия БҰҰ қолдауымен Женевада өтетін оппозиция өкілдерімен бейбіт келіссөзге қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Пекиндегі сапары кезінде Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муалем диалог ел үкіметінің ұлттық бірлігіне септігін тигізеді деп үміттенетінін айтты. Министр келіссөзге шетелдің араласуына жол бермейтінін атап өтті. Оппозиция келіссөзге қатысатындардың тізімін бекіткеннен кейін, үкімет тарапынан делегация құрамы нақтыланады,- деді әл-Муалем.

18 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы саяси жағдайды кезең-кезеңмен реттеу жөнінде халықаралық резолюцияны бірауыздан қабылдаған болатын. Онда оппозиция өкілдерінің қатысуымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілетіні айтылған.

БҰҰ мәліметінше, төрт жарым жылға созылған Сириядағы азаматтық соғыста миллионның төрттен бірі қайтыс болған. Үш миллионнан астам адам үйін тастап кеткен.

XS
SM
MD
LG