Оның сөзінше, кейбір эксперттер елдегі валюталық нарыққа өте пессимистік болжам айтады. «Айтып кету керек, Қазақстанда теңге бағамы екі есе құлдырады, Ресей рубліне қатысты да дәл сондай жағдай. Жылдың басында сом бағамы бір доллармен 59 сом болса, қазір 75 сом. Бұл екі есе емес қой. Сол себептен де ұлттық валюта күйреді деп айқайлауға болмайды», - деді Атамбаев.
Алдын Қырғызстанның Ұлттық банкі жыл басынан бері доллар бағамы 29 процентке өсті деп хабарлаған болатын. 22 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, Бішкектегі айырбастау пунктерінде бір доллар 76 сомды құрайды.