Жаңа тәртіп жолаушылар мен шығарып салушылардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі Рейс әр кез уақытында келе бермейді. Бұл кезде адамдар далада, суықта тоңып күтіп тұруға мәжбүр.
Халықаралық әуежайдың қызметкерлері қауіпсіздік шаралары жөнінде жаңа тәртіптің жүзеге асқанын растады.
«ТочикЭйр» әуекомпаниясының баспасөз хатшысы Мунаввар Муллочаев бұл шара жолаушылар қауіпсіздігі үшін жасалғанын айтып, Таяу Шығыста болған ресей ұшағы апатын еске салды.