Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының жетекшісі Рами Абдулрахамның айтуынша, Дамаск түбіндегі Ярмуктағы палестиналық босқындар қонысынан бастап, көрші Хаджар аль-Асвадқа дейін қауіпсіз дәліз ашылады.
Бұл адамдардың бәрі бірнеше айда ИМ бақылауындағы Сирияның солтүстіндегі Ракка қаласы мен өзге де аймақтарға жеткізіледі деген болжам бар. Syrian Observatory for Human Rights-тың хабарлауынша, оларды тасымалдау үшін өңірге бірнеше автобус келген.