Bild газетінің жазуынша, отбасын Ливанға қайтару туралы Меркельге қойған сұрағымен БАҚ назарына іліккен Рим Сахлвиль елде 2017 жылдың қазан айына дейін қала алады. Редакция елдің шығысындағы Росток қаласындағы иммиграциялық кеңседен осындай хабар алғанын жариялады. Қыздың ата анасы мен бауыры да Германияда қалатын болды.
Биылғы жылдың шілдесінде Ростоктағы оқушылармен кездесуінде Меркель Римге, "кейде саясаттың тым ауыр іс" екенін айта келіп, Германия өз аумағына ұмтылған барлық адамды қабылдай алмайтынын айтқан болатын. Осы сөздері үшін канцлер сынға ұшырады. Содан бері Time және Financial Times Меркельді Таяу Шығыстағы қақтығыстардан босқан адамдар үшін елінің шекарасын ашқан жыл адамы деп жариялады.