Ссылки доступа

Қырғызстан мектебіндегі саяси астары бар кикілжің


Қырғызстанның Ала-Букин ауданы Кажар ауылының Сирияда болып келген және оларды террористермен байланысы болуы мүмкін деген отбасының қызын жергілікті мектепке қабылдамай жатыр.

Бұл оқиғаны Азаттыққа Кажар ауылының тұрғыны отбасы мүшесі Мавлюда Шарипова айтып берді.

«Біз Түркияға барып келдік. Елге оралғаннан кейін қызымызды жергілікті мектептің 6-сыныбына бермек болдық. Алайда мектеп директоры бізге сендер Сирияда немесе Түркияда болып келдіңдер деп, қызымды қабылдаудан бас тартты», - дейді Шарипова.

Кажар ауылы №34 орта мектептің әлеуметтік мұғалімі Мунайым Конушова Шарипованың сөздерін теріске шығарады.

Оның сөзінше, мектеп қызметкерлері қызды оқуын жалғастыру үшін іздеген. Алайда үйінен ешкімді таппаған. Конушова қызды мектепке қабылдау мәселесін мұғалімдер жиналысында шешеді деді.

Оқушы қыздың фамилиясын ата-анасы Сирияға алып кетті дегеннен кейін мектеп журналына тіркемеген.

Еске сала кетейік, алдын Кажар ауылының тұрғындары ер азаматтары Сирияға соғысқа кеткен Махмудов отбасын толығымен көшіру жөнінде талап қойған болатын.

XS
SM
MD
LG