Ссылки доступа

Савченко ісіне қатысты биылғы жылдың сот отырысы аяқталды


Донецк қалалық сотында Надежда Савченко ісіне қатысты биылғы жылдың сот отырысы аяқталды. Жұмада күні бойы қорғау тарабы жазба материалдарын таныстырды. Енді өздерінің дәлелдерін келесі жылдың қаңтар айының ортасынан бастап жалғастыратын болады.

«Біз, өкінішке қарай Савченко аштық жариялап жатқан кезде жылдың аяғына тап болдық. Енді үш аптадан кейін алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Ол аштық жариялаған бір аптадан соң, оны ауруханаға алып кетті, - деп жылды қорытындылады адвокат Илья Новиков.

Адвокаттың пікірінше, өзінің қорғауындағы басты жеңіс Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия институты маманының жасаған сараптамасы болған. Сараптама жұмысына сәйкес, Савченконы атыс болардың алдында (атыс кезінде ресейлік журналистер Антон Волошин мен Игорь Корнелюк қайтыс болды) тұтқындаған.

Украиндық ұшқыш әйел бір аптадан бері аштық жариялап жатыр. Себебі сот оны қамауда ұстауды 2016 жылдың сәуір айына дейін созған.

XS
SM
MD
LG