Мұнан бөлек Ресей ІІМ Федералды қауіпсіздік кеңесімен (ФҚК) бірігіп, Сирия мен Иракта жүрген үш мыңға жуық ресейлікті іздестіріп жатыр. Құжатта сонымен бірге ресейлік арнайы қызмет өкілдері жүзге жуық арбаушыны анықтаған.
15 желтоқсанда ФҚК директоры Александр Бортников Сирия мен Ирак аумағында Ресей тыйым салған террористік топтың құрамында үш мыңға жуық ресейлік азаматтың соғысып жүргенін айтады. Бортниковтің мәліметінше, олардың 214-і Ресейге оралған, 80-і сотталған.