Егер үкімет қабылдаса, онда бұл тізбе азаматтардың хал актілерін тіркеуге жіберіледі. Аталған құжатқа сәйкес, жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік берілетін болады.
«АХАЖ қызметкерлері жаңа туған сәбидің есімдерінің аталған тізбеге сәйкес келуін қадағалайды. Тәжік ұлтының азаматтары енді балаларының есімдеріне «құл», «хан» деген түрік жалғауларын қоспайтын болады»,-дейді Абдурахим Зулфониён.
Алайда, тіл және терминология комитетінің түсіндіруінше, Тәжікстанда тұратын өзге ұлт азаматтары өздерінің ұлттық дәстүрлеріне сәйкес балаларына есім қоя алады.
Біріңғай есімдердің тізбесін 2016 жылдың басында жариялауды жоспарлауда.