28 желтоқсанда №714 әскери бөлімнің күзетінде тұрған сарбаз екі қызметтесін атқан. Біреуі қаза тауып, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Аталған оқиға бойынша, әскери прокуратура қылмыстық іс қозғаған.
«Адам өлтіру», «Қызметін асыра пайдалану», «Немқұрайдылық» баптары бойынша іс қозғалды. Тергеу тобы құрылып, тексеру басталды», - деді Тағаев.
Ұлттық гвардияның тәрбие ісі бойынша басқарма басшысы Таалай Мырзабаевтың сөздерінше, оқиға таңғы сағат төрттердің кезінде болған.
«№714 әскери бөлімнің сержанттары қаруланған жауынгерге шабуыл жасаған. Ол оқ атуға мәжбүр болған. Нәтижесінде сержант Азамат уулу Асылбек 4-ауруханада көз жұмды. Екінші сержантқа операция жасалынып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр»,- деп хабарлады Мырзабаев.