Ссылки доступа

Түркияда 12 қырғызстандыққа уәде етілген тегін бүйрек алмастыру жасалмады


Montenegro - Kidney Transplantation, Clinical Center, Podgorica, 25Sep2012.
Montenegro - Kidney Transplantation, Clinical Center, Podgorica, 25Sep2012.

Түркияға тегін емделуге кеткен Қырғызстанның 50 азаматының 12-не уәде етілген операция жасалмаған.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, кейбір науқастарда С гепатитінің белсенді түрі табылған, кейбірінің доноры келмеген немесе бас тартқан. Қазір төрт қырғызстандық еліне оралды, қалғандары емін жалғастырып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі қырғызстандықтардың басым бөлігі бүйрек алмастыру үшін Түркияға баратынын айтады.

Үкіметаралық келісім бойынша, жыл сайын 100 қырғыстандық тегін дәрігерлік көмек ала алады. Арнайы комиссия 50 адамды таңдап алады, қалған жартысын Түркияның Қырғызстандағы елшілігі іріктейді.

2015 жылы 450 азаматтан өтініш түскен, оның 50-і емделуге кетті. Қалғандары кезектерін күтіп отыр.

XS
SM
MD
LG