Ссылки доступа

Фермер-армян Өзбекстанда ИМ-мен байланысы үшін қамауда отыр


Uzbekistan - Aramais Avakyan, who is accused as a member of IS
Uzbekistan - Aramais Avakyan, who is accused as a member of IS

Жизақ облысындағы фермер Арамаис Авакян ИМ террорлық тобымен байланыс ұстады деген күдікпен қыркүйектің 4-нен бері абақтыда отыр.

Онымен бірге тағы төрт досы «конституциялық құрылысқа қол сұқты», діни-экстремистік, жікшіл және өзге де тыйым салынған ұйымдарды құрды, қатысты және басқарды деп айыпталуда. Оған сонымен бірге ұрлық істеді деген айып тағылған.

33 жастағы фермер Арамис Авакянның туыстары оның христиан дінінің өкілі екенін, исламға да, Им-ге де еш қатысы жоқтығын айтады. Олар сонымен бірге айыпталушы азаптаулардан қайтыс боп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.Құзыретті орын өкілдері Авакян тірі екенін, бірақ «орындықтан құлап,жарақат алғанын» айтуда.

Авакянның әйелі күйеуінің Жизақ облысы Пахтакор ауданындағы өзіне тиесілі балық шаруашылығы үшін жергілікті билікпен текетірескенін мәлімдеді.Ұсталғандардың бәрі осы шаруашылықта істегендер.

Тергеу Авакян мен өзге төрт айыпталушының кінәсына ең басты дәлел ретінде жихадқа кету туралы смс-хабарламаларды атайды, алайда хабарлама олар түрмеде жатқанда жолданған.

XS
SM
MD
LG