Ссылки доступа

«Қазақстан аруы - 2015» Назарбаевты биге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Думан» ойын-сауық кешенінде жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев кешке жиналған қонақтарға, келер жылы республика тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында атап өтеді деген.

«Ұлы мерекені лайықты қарсы алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты және көпконфессиялы халқымызға бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді»,- деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі.

Балда «Қазақстан аруы -2015» Әлия Мергембаева Нұрсұлтан Назарбаевты биге шақырды.

Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорына аударылады.

XS
SM
MD
LG