Ссылки доступа

Ресей киімдер контрабандасы үшін 12 жылға соттауды сұрады


Ресейдің сауда және өнеркәсіп министрлігі жеңіл өндіріс контрабандасы үшін жазаны ауырлататын заң жобасын әзірледі.

Құжатқан сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ (Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения және Қырғызстан) шекаралары арқылы заңсыз өткізілген, көлемі 250 мың рубльден жоғары заттарға айыпұл төлеу, не болмаса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасы бойынша, заттардың бәрі жойылады. Құжат 10 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

XS
SM
MD
LG