Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариевтің жетекшілігімен өткен энергетика компаниялары басшыларының жиналысында мәлім болды.
«Біз қажетті шұғыл шараларды қабылдаудамыз. Қазақстандағы әріптестермен келіссөз жүргіздік. Бүгін немесе ертең бұл мәселе бойынша шешім қабылданады», - деді үкімет өкілі Кубанычбек Турдубаев.
Турдубаев Токтоғұл СЭС-гі жүріп жатқан жөндеу жұмыстары болжам бойынша келесі жылы қаңтардың 15-де аяқталатынын хабарлады.
Желтоқсанның 28-де Тоқтоғұл СЭС-де май толтырылған кабельдерден май ағуының кесірінен төрт генератордың үшеуі апатты жағдайда істен шыққан болатын. Қазігі таңда екі гидроагрегат қана істеп тұр.