Тізімге құрылыс, сәулет және инженерлік-техникалық жобалау, туристік қызмет және мемлекет қажетін өтеуге арналған қызмет түрлері мен ағаш өңдеу кіреді.
Құжат үкіметтің сайтында жарияланған. Бұл тыйым желтоқсанның 30-на дейін келісім жасалған түрік компанияларына жүрмейді.
Ресей мен Түркия арасы қарашаның аяғында түрік әскери әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік-сирия шекарасында атып түсіргелі бері нашарлап кетті. Ресей Түркияға қарсы санкциялар қабылдады.