Бұл туралы «Сова» құқық қорғау орталығына сілтеме жасай отырып "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Құқық қорғаушылардың Ресейдің 17 аймағында өткізген зерттеу қорытындысы бойынша ксенофобия мен ұлттық төзбеушіліктен туындайтын зорлық-зомбылық жағынан бірінші орында Мәскеу тұр (3 адам қаза тапқан, 26-сы жарақат алған), екінші орында – Санкт-Петербург (3 адам қаза тапқан, 14-і жараланған).
Мұндай қылмыс түрі Мәскеу, Самара және Новосибирь облыстарында да өршіп тұр. Көбінесе Орталық Азия мен Кавказ өңірінің тумалары осындай шабуылға ұшырайды. «Сова» ақпараттық-сараптамалық орталығы Ресейдегі діни төзімсіздік, ксенофобия және ұлтшылдық мәселелерін зерттеумен айналысады.