Ссылки доступа

Қырғызстанда тіркелмеген абоненттер мобильді байланыстан ажыратылады


Қырғызстанда 2016 жылы ақпанның 1-нен бастап тіркелмеген абоненттерді ұялы байланыстан ажырата бастайды.

Бұл туралы Мемлекеттік байланыс агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, ел азаматтары 2016 жылдың қаңтардың 31-не дейін SIM-карталарын сәйкестендіруден өткізе алады.

Үкіметтің қаулысы бойынша, байланыс операторлары тек жазбаша келісім жасалған абоненттерге қызмет көрсетуге міндетті. Тіркелмеген қолданушылар байланыстан ажыратылады. Мемлекеттік байланыс агенттігі 2015 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша тіркелмеген қолданушылардың саны 354 мыңды құрайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлттық статистика комитетінің басқарма бастығы Эльмира Мәмбеталиева 6 миллион тұрғыны бар Қырғызстанда ұялы байланыстың 7,5 миллион белсенді қолданушысының барлығы туралы хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG