Ссылки доступа

Тәжікстан азаматтардың құжаттарына апостиль қоюды бастады


Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі елдің шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап ететін шарттың күшін жоятын Гаага конвенциясына қосылғаннан кейінгі алғашқы республика азаматының құжатына бірінші апостильдің басылғанын хабарлады.

Тәжікстан СІМ ақпарат департаментінің хабарлауынша, алғашқы апостиль 2015 жылы желтоқсанның 30-ы күні Некруз Оймахмадовтың құжатына қойылған.

Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасының бастығы Бахром Холназаров тарихи оқиғаның құрметіне алғашқы апостильге ие болған ел тұрғынына құттықтау хатын табыс етті.

Апостиль – бір мемлекеттің ресми құжаттарына қойылатын және консулдық заңдастыру ісін алмастыру есебінде өзге елге берілетін растама мөртабан. Тәжікстан Гаага Конвенциясына 2015 жылы ақпанның 20-да қосылды, ал Конвенцияның Тәжікстан үшін ережесі 2015 жылы қазанның 31-де күшіне енді.

XS
SM
MD
LG