Ссылки доступа

Украина бас штабы: 2015 жылы ресейлік 14 дрон құлатылды


2015 жылы ресейлік ұшқышсыз ұшатын ұшақ 240 рет украин шекарасын кесіп өткенін, оның 14-і атып түсірілгенін айтты Азаттық радиосының (Украин қызметі) сауалына Украинаның Бас штабы.

"2015 жылы Ресей тарапынан әуе кеңістікті 31001 рет бұзылғаны тіркелді. 490 рет Украинаның мемлекеттік шекарасын бұзды, 240 рет ұшқышсыз ұшатын ұшақ арқылы бұзды", – делінген Бас штаб жауабында.

Алдын украиндық әскерилер ресейлік дрондар Украинада барлау операциясын жүргізеді деп мәлімдеген болатын. Дронның көмегімен сепаратистер де артиллериялық оқ жаудыру нысандарын реттейді екен.

2015 жылдың ақпан айында украиндық әскерилер журналистерге атып түсірілген ресейлік "Орлан-10" дронын көрсеткен болатын.

XS
SM
MD
LG