Ссылки доступа

Эмомали Рахмон кіші қажылыққа барды


Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Эмомали Рахмон 4 қаңтарда Сауд Арабияға барған сапары кезінде әйелімен және балаларымен бірге кіші қажылық жасаған.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Тәжікстан президенті осымен екінші рет Қағбаға кіріп, екі ракат намаз оқыған.

Умра Қажылық — ислам дінінде қажылыққа бару. Қажылық әдетте үлкен және кіші қажылық деп бөлінеді. Умра — кіші қажылық болып саналады. Үлкен қажылық секілді Умрада да Меккеге сапар шегіп, белгілі бір ислам дінінің рәсімдерін жасайды. Сақалын және шашын алады. Сонымен бірге Арафатта күн мен түнді өткізеді. Үлкен қажылық пен кіші қажылықтың тағы бір айырмашылығы — үлкен қажылық белгілі бір уақытта жүзеге асады. Ал кіші қажылыққа кез-келген уақытта баруға болады.

XS
SM
MD
LG