Ссылки доступа

Киев Мәскеу үстінен БҰҰ-ның халықаралық сотына арызданбақшыКиев Мәскеу үстінен БҰҰ-ның халықаралық сотына арызданбақшы


Украина Ресей терроризмге қолдау көрсетті деген айыппен БҰҰ-ның халықаралық сотына арызданбақшы. Бұл жөнінде Украинаның әділет министрі Павел Петренко 5-арнаға берген сұхбатында айтты.

Министрдің сөзінше, Украина барлық дәйек келтіретін құжаттарды жинаған. Ресей тараппен сотқа дейінгі келіссөз аяқталған соң, Киев құжаттарды сотқа бермекші.

Өткен жылдың жазында Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк әділет министрлігіне Мәскеуге қарсы сотқа арыз әзірлеу үшін үздік әлемдік заңгерлерді тартуды тапсырған. Киев Мәскеуді Қырымды аннексиялады деп, өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск республикаларына қолдау көрсету арқылы Донбастағы кикілжіңге араласып отыр деп айыптайды.

Ресей бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып келеді.

Алдын Киев Ресейге қарсы Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына арызданған болатын.

XS
SM
MD
LG