Кеңес мүшелері Солтүстік Кореяның әрекетін қарарды тікелей бұзу деп таныды, "бұл орайда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке төнген анық қауіпті көретіндерін " мәлімдеді.
Қауіпсіздік Кеңесі осыған орай, Солтүстік Кореяға қарсы қосымша шаралар қолдану үшін жаңа қарар қабылдауға кіріспек. Егер дерек расталса, бұл 2006 жылдан бергі төртінші ядролық сынақ болмақ. Дегенмен, алдын-ала деректерге сүйенген Ақ үй сутегі бомбасының сынақтан сәтті өткеніне сенбейді. Америкалық әкімшіліктің баспасөз хатшысы Джон Эрнест " соңғы 24 сағат ішінде болған кез-келген оқиға Солтүстік Кореяның ядролық әлеуеті туралы пікірімізді өзгерткен жоқ", - деп мәлімдеді.