Ссылки доступа

Бахрейн Иранның қолдауына сүйенгендердің шабуыл жоспары туралы мәлімдеді


Бахрейн билігі Иранның қолдауына сүйенген жандардың ел аумағына шабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

Елдің ішкі істер министрлігі Иранның ислам төңкерісінің сақшылары Корпусына және Иран қолдайтын ливандық «Хезболла» тобына қатысы бар тұлғалар бірқатар жарылыс жасамақ болды деп отыр.

Бұл ақпарат Эр-Рияд танымал шииттік белсендіні өлім жазасына кескеннен кейін Тегеран мен Сауд Арабиясының арасы шиеленісіп кеткен тұста тарап отыр. Сауд Арабиясы Тегерандағы сауд елшілігіне шабуыл жасалған соң Иранмен дипломатиялық байланыстарын үзді. Оның бұл қадамын Бахрейн, Джибути, Судан және БАӘ секілді одақтастары қолдап, Иранмен дипломатиялық қарым-қатынастарын толық үзді немесе тоқтатты. Кувейт пен Катар елшілерін кері қайтарып алды, Иордания түсініктеме беруді талап етіп Иран елшісін шақырды.

XS
SM
MD
LG