Ссылки доступа

Ресей түрік экипажына виза бермейтіні туралы ақпаратты терістеуде


Russia -- An airplane of the Turkish airline Pegasus Airlines takes off from the Domodedovo airport in Moscow, January 5, 2016
Russia -- An airplane of the Turkish airline Pegasus Airlines takes off from the Domodedovo airport in Moscow, January 5, 2016

Ресей түріктің арзан әуе тасымалымен айналысатын Pegasus Airlines компаниясына виза бермей отыр деген Анкараның айыптауын жоққа шығарды.

Былтырғы жылдың қарашасында түрік әскери әуе күштері Сириямен шекарада ресейлік бомбалаушы ұшағын атып түсіргеніне байланысты, Мәскеу жаңа жылдан бастап Түркия азаматтары үшін визасыз тәртіптің күшін жойды.

Түркияның көлік министрі Бинали Йилдирим Pegasus әуе компаниясының экипаж мүшелеріне виза беруден бас тартқан Ресейді халықаралық әуе тасымалы туралы ережені бұзды деп айыптады. Сейсенбі күні Pegasus Airlines әуе компаниясы экипаж мүшелеріне виза берілмегендіктен, Ресейге ұшуын қаңтардың 13-не дейін тоқтатқаны белгілі болды. Ресейдің СІМ Стамбулдағы консулдыққа компанияның тек қаңтардың 6-да хабарласқанын уәж етеді. Олардың сөзінше, Ресейге ұшуын қаңтардың 14-не дейін тоқтатуға мәжбүр болған Onur Air компаниясы өз қызметкерлері үшін виза беруді мүлдем сұрамаған боп шығады.

XS
SM
MD
LG