Ссылки доступа

Киев жікшілдерді уақытша бітімді бұзды деп айыптайды


Украин әскерилері елдің шығысындағы жікшілдердің күштері оқ атуға тыйым салған тәртіпті бірнеше мәрте бұзғанын мәлімдеп отыр.

Жікшілдер тарабынан ең көп оқ атқан оқиғалар Горловск-Светлодар иінінде тіркелген. Новгородскілік Зайцево, Мироновск, Луганск және Троицк аудандарындағы украин қарулы күштерінің шептерін жікшілдер ірі калиберлі пулеметтер мен атыс қаруларымен атқылаған.

«Украинская правда» газеті Донбасстағы украин күштерінің штабының мәліметіне сүйене отырып, ең ірі "арандатушылық" ретінде Майорск ауданындағы үкімет әскерінің шептерін жарты сағат бойы түрлі мина және граната атқыштармен атқылау оқиғасын атады.

Елдің шығысында террорға қарсы операция жүргізіп жатқан украин әскерилері мен Ресейдің қолдауына сүйенген жікшілдер былтырғы жылдың соңында жаңа жыл мен рождество мейрамдары кезінде оқ атпау туралы бітімке келген еді. Дегенмен жаңа жылдың басынан бері екі жақ бір-бірін аталған келісімді бұзды деп айыптауда.

XS
SM
MD
LG