Reutersтің хабарлауынша, ресейліктердің әрекетін министр «бассыздық» деп атаған. Сейсенбі күні түріктің Pegasus Airlines әуе компаниясы экипаж мүшелеріне ресейлік виза берілмегендіктен, Ресейге ұшуын қаңтардың 13-не дейін тоқтатқаны белгілі болды.
Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы былтырғы жылдың қарашасында түрік әскери әуе күштері Сириямен шекарада ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін күрт нашарлап кетті.
Қаңтардың 1-нен бастап, Түркияға қарсы экономикалық санкциялар күшіне енді және Анкарамен арадағы визасыз тәртіп тоқтатылды.