Сәрсенбі күні жариялаған «Ғаламдық экономикалық келешек» деген баяндамасында 2016 жылы өсім 2,9 пайызды құрайтыны көрсетілген. Бұл осыған дейінгі болжамдағыдан 0,4 пайызға төмен, алайда 2015 жылдың көрсеткішінен (2,5 пайыз) жоғары.
Қырғызстанда экономикалық өсім 4,2 пайыз деңгейінде болады деп күтіледі. 2017 жылы бұл көрсеткіш 3,4 пайыз болады деп отыр.
Еуразиялық экономикалық аймаққа кіретін өзге елдердің көрсеткіші төмендегідей: Армения — 2,2 -2,8 пайыз аралығында, Беларусь - минус 0,5 - плюс 1 пайыз, Қазақстан — 1,1- 3,3 пайыз аралығында.
Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Ресейде экономикалық өсім 0,7 пайызға төмендейді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,8 пайызды құраған. Тек 2017 жылы ғана Ресейде экономикалық өсім болады деген болжам айтылады.