Ссылки доступа

Президент Рахмонның қажылығы қоғамда резонанс туғызды


Президент Эмомали Рахмон кіші қажылық жасағаннан кейін шолушылардың көбі енді оның еліндегі дінге деген қатаң саясаты өзгереді ме деген сұрақ қояды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 4 қаңтарда Сауд Арабия еліндегі сапарының соңғы күнінде Умра - кіші қажылыққа барған еді. Президенттің Қағбаның алдындағы түскен суреттері мен видеолары әлеметтік желілерде кеңінен тарап кетті. Тәжікстан тұрғындары президенттерінің намаз оқып, дұға қылып жатқанын видеодан көрді.

Ал бұл уақытта елінің консервативтік ұстанымдағы бір бөлігі үкіметті діни бостандыққа шектеу қояды деп айыптайды.

Ел президентінің қажылықтағы видеоларының астына әлеуметтік желі қолданушылары үкімет екіжүзді саясат ұстанады деген пікірлер қалдырған.

Кейбір сарапшылар мұны соңғы кездегі діни саясатты күшейткеннен кейінгі президенттің түсіп кеткен әлеуметтік имиджін көтеру деп баға береді.

Қазіргі уақытта Тәжікстанда 18 жасқа дейінгі азаматтарға мешітке барып, намаз оқуға рұқсат етілмейді. Сонымен бірге діни киім киіп жүруге тыйым салынған. Сақал қойған ер азаматтар милиция тарапынан қысымға ұшырап келеді.

XS
SM
MD
LG