Ссылки доступа

Ливияда жарылыстан ондаған адам қаза тапты


Ливияның батысындағы Злитен қаласында полицилер академиясы жанындағы жүк көлігінде болған жарылыстан елуден астам адам қаза тапты.

Жүздеген адам жараланды. Бұл теракті 2011 жылы Муаммар Каддафи режимін ығыстырғаннан кейінгі ең ірі қан төгіс болып отыр.

Оқиғадан бірнеше сағат өткеннен кейін жанкешті бағытын мина орнатылған көлікпен Ливияның солтүстігіндегі ең ірі мұнайлы порты Рас-Лануфтегі бақылау-өткізу бекетіне қарай бұрған. Нәтижесінде алты адам қаза тапқан. Әзірге терактіні ешкім жауапкершілігіне алмады. Алайда соңғы уақытта, Ливиядағы төңкерістен кейін бұл елде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының ықпалы өсіп келеді.

XS
SM
MD
LG