Ссылки доступа

Покрудта бірінші алтын құймасы құйылды


CNG Қытай компаниясы Тәжікстанның Покруд алтын кен орнында жұмыс істеген үш жылдың ішінде бірінші рет алтын құймасын әзірледі.

Алтын өндіретін кеніште жыл сайын 2 тонна алтын өндірілетіні хабарланған. 2018 жылы 4 тоннаға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Салыстыу үшін Тәжікстан жыл сайын 2,5 тонна көлемінде алтын өндіреді.

CNG Тәжікстанда алтын өндіретін жалғыз компания емес. 2014 жылы Тәжікстан үкіметі Душанбедегі Жылу электр станциясының құрылысы үшін Айни ауданындағы алтын кенішін қытайлық компанияға берген болатын.

Алтын өндіру Тәжікстандағы ең маңызды секторының бірі. Қазіргі уақытта бұл елде 400 тонна қорымен 15 алтын кен орны анықталған. Оның көп бөлігі елдің солтүстігінде орналасқан.

XS
SM
MD
LG