Ссылки доступа

АҚШ-та өзбек босқыны сотталды


АҚШ соты америкалық әскери академияға шабуыл жасауды жоспарлады деп айыпталған өзбек босқынын кінәлі деп танып, 25 жылға соттады.

Жазасын өтеп болған соң, елден қуылады. Фазлиддин Құрбановтың ісі бойынша бейсенбі күні болған соттың судьясы Эдвард Лодж: «Сотталушы Құрама Штаттар аумағында джихад жасамақ болды. Ол АҚШ-та 2001 жылы қыркүйектің 11 күнгі шабуыл секілді ескерту есебінде бомба жармақшы болды»,- деп мәлімдеді.
2009 жылы Өзбекстаннан кеткен жүк көлігін жүргізуші Фазлиддин Құрбанов терроршы еместігін, ешкімге ешқашан зияны тимегенін және ондай ойы болмағанын мәлімдеді. Прокурор өз сөзінде Құрбановты «джихадшы» деп атап, «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» террорлық ұйымымен байланыста болғанын және жарылғыш құралдың бөлшектерін тасымалдаумен айналысқанын айтты. Прокурордың сөзінше, Құрбанов West Point әскери академиясы секілді АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасамақ болған.

XS
SM
MD
LG