Осыған орай, оны қамауда ұстау мерзімі ақпан айына дейін ұзартылды.
Бұған дейін осы сот Иван Щербаковтың желтоқсанда Екатеринбургте ауруханаға жатқызылғанын және сааптаманың қаңтарда аяқталатынын мәлімдеген еді.
201-ші ресейлік әскери базаның 109-шы гарнизондық соты Иван Щербаковқа РФ ҚК 105-ші бабының, бірінші тармағы бойынша — "қасақана кісі өлтірді" деген айып тақты.
Тергеуге жақын дереккөз айыбы дәлелденген жағдайда, айыпталушының 6-дан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның аға лейтенанты Иван Щербаков Душанбе аласының 22 жастағы тұрғыны Шоира Джобированы өлтірді деп күдіктеледі.
Шоира Джобированың денесі қарашаның 11-де туыстарына берілді. Тергеу мәліметінше, кісі өлімі қарашаның 5-і күні, Душанбедегі 201-ші ресейлік әскери базаның аумағында орын алған және қылмыстың беті Джобированың туыстары хабарласқаннан кейін қарашаның 9-да ашылды.