Ссылки доступа

Януковичтің Қырымдағы жылжымайтын мүлігі Ресей президенті істерінің басқармасына берілді


«Мыс Айя» демалыс орны мен жер аумағын 2007 жылы Украинаның бұрынғы президентің үлкен ұлына қарасты құрылымдар сатып алған.

Экс-президент Виктор Януковичтің құрылысы бітпеген резиденциясы Ресей президентінің істер атқаратын басқармаға өтеді. Бұл туралы FlashCrimea хабарлайды.
Бұған дейін, ғимараттың Севастопольға берілетіні және құрылысы аяқталған соң, онда санаторий немесе пансионат ашылатыны туралы хабарланған болатын.
Агенттік украин БАҚ-тарына сүйене отырып, 2007 жылы экс-президенттің ұлы Александр Януковичке тиесілі құрылымдардың «Мыс Айя» демалыс орны мен оған қарасты үш жарым гектар жерді мемлекеттен бір миллион екі жүз мың долларға сатып алғанын хабарлады. Қазіргі таңда резиденция аумағындағы құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG